«Ақ дидарлы Анашым» мерекелік іс – шара
«Ақ дидарлы Анашым» мерекелік іс – шара
Ақпараты
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Болашақ» щағын орталығында «Ақ дидарлы Анашым» атты ертеңгілік іс - шара өтті.
Меқсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, сонымен қатар ананың өлшеусіз еңбегін бағалау, қастерлей білуге тәрбиелеу.
Мейірімділік пен сұлулықтың, даналықтың және рухани қуаттылықтың салтанат құрған күні аяулы аналар ерекше қуанышқа бөленді. Мерекелік кеште нәзік жанды аналар қауымына кішкентай бүлдіршіндер тарапынан үлкен көңіл бөледі. Айтылған ізгі тілектер мен шырқалған әннің бәрі-бәрі бұл күні асыл ана, мейірімді әже, аяулы апа-қарындастар тақырыбында болды.
Аяулы биші қыздардан құрылған топ «Түймедақ гүлі» биін биледі. Жаттаған өлең – тақпақтарын оқыды. «Ақ дидарлы Анашым» әнін қосыла шырқады.
Ертеңгілік соңында балалар өз аналарына арнап дайындаған гүл шоқтарын сыйға тартты.
Тәрбиеші: Минапқызы