«Қош келдің, әз Науырыз!»
«Қош келдің, әз Науырыз!»
Көкдала орталау мектебінде ұлттық мереке қарсаңында «Қош келдің, әз Науырыз!» тақырыбында ертеңгілік іс – шарасы өтті.
Мақсаты: Балаларға «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Күн мен түннің теңелетін шағында Жер - Ана оянып, тіршілік жанданатын кезде қазақ халқы Ұлыстың ұлы күнін бір ай тойлаған. Сондықтан бұл мейрамның орны бөлек.
Біздің шағын орталықта тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндер үшін де бұл мерекенің ерекше өтті. Мейрам өтетін жер салт - дәстүрге байланысты жабдықталды. Қазақи оюмен көмкерілген бұрыш дайындалды. Балалар ұлттық киімдермен келеді. Қазақтың ұлттық киімдерін киген бүлдіршіндер «Көңіл ашар» күйінің сүйемелдеуімен, мерекелік бағдарламаны ашты. Биші қыздар тобы «Қамажай» биін тамаша билеп шықты.
Сахналық қойлым «Бата беру» дәстүрі көрсетілді. Сонымен қатар ұлттық тағамдар, ұлттық ойын түрлері, Наурыз мерекесіне байланысты жасалатын әдет – ғұрып түрлерімен танысты.
Тәрбиеші: Минапқызы