Жаңа жыл мереклік іс - шара
«Жаңа жыл - 2024» мерекелік шара
Көкдала орталау мектебінде желтоқсан айының 28 – і күні «Жаңа жыл - 2023» Жаңа жыл мейрамына байланысты мерекелік ертеңгілік өтті.
Мақсаты: Балаларды жасыл шыршамен таныстырып, жаңа ән айтқызу. Балаларды жасыл шыршадан шеңберде айналтып жүргізу, еркін би билету. Қыс ерекшелігімен таныстырып, мерекені есте қалатындай етіп көңілді өткізу.
Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз.
Қыс мезгіліндегі ең қызықты мереке - Жаңа жыл! Биылғы жылы да жыл желтоқсан айынан бастап «Болашақ» шағын орталығының балалары Жаңа жылдық кешке дайындықты бастады. Ал оған киетін арнайы костьюмдерді ата – аналармен ақылдаса отырып алдын ала жоспарланды. Себебі ғажайып мерекенің балалардың есінде қалатындай өткізуді ойладық.
«Жасыл шырша» әнімен басталған мерекелік кешіміз балалардың жаттаған өлең – тақпақтарымен жалғасын тапты. Аққала кейіпкерімен «Қар кесегі» ойыны қызықты өтті. Ата – аналар мен балалардың көңілінен шыққан кеш болды.
Тәрбиеші: Алпиева А.Н