«ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ» сайыс-сабақ » Көкдала орталау мектебі
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Көкдала орталау мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
июнь
2024

«ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ» сайыс-сабақ

1-сынып 

Математика бағыты бойынша

«ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ» сайыс-сабақ
 Мақсаты:
 1.Оқушылардың білімдерін пысықтау, қайталау. Жұптасып жұмыс істеу дағдыларын арттыру.
 2. Оқушыларды шапшандыққа, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
 Ата-аналармен тығыз байланыс орнату.
 3. Ойлау қабілетін, ой өрістерін дамыту.
 Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
 - Қайырлы күн,құрметті ұстаздар мен оқушылар! 1 «а» сынып оқушыларының арасында өтетін «Жұлдызды сәт» сайыс-сабағын бастауға рұқсат етіңіздер.
 
 Ал құрметті қонақтар
 Ортаға назар салайық
 Сайыскерлер шықпақ сайысқа
 Қол соғып қарсы алайық!
 Сайыс-сабаққа барлығы 8 оқушы қатысады.
 Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
 Нақты ғылымдарға қызығушылар.
 Естігенін есте тұтып,
 Оқығанын миға тоқушылар.
 
 Сәлеметсіздер ме, ата-аналар!
 Сіздер де келіп қалыпсыздар
 «Жұлдызды сәт» сайысымызға
 Сәттілік сіздерге де тілейміз біз.
 Есепті түрлі-түрлі шығарамыз,
 Арасында ойын ойнап жарысамыз.
 Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар.
 Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.
 1.Бүгінгі «Жұлдызды сәт» сайыс–сабағымыз «қызықты  математика» пәнімен тығыз байланысты.Сондықтан барлық оқушыларды «Шаттық шеңберіне» шақырамын.
 Мінекей, сыныпта тыныштық
 Естілмейді дыбыс түк
 Мұны біз де қоштаймыз,
 Кешіккендерді тоспаймыз
 Ғылымдардың патшасы
 Математика жайында
 Ойнайық та, ойлайық!
 Сайысымызды бастайық!
 Мұғалім:
 Шын жүйрік шабысынан табылады.
 Нақты білім, терең ой сыналады.
 Баға берер әділқазы ортамызда
 Сіздерге құрметпенен қол соғайық.
 2.Әділ қазылар алқасымен таныстыру.
 1-сайыс. Оқушылар өздерін таныстырып, өмірлік ұстанымдарын айтады.
 1-оқушы Әділбекқызы Айзада
 2-оқушы Берік Аяла
 3-оқушы Нұр Ақжол
 4-оқушы Оразғали Нұрасыл
 5-оқушы Мадиқызы Балнұр
 6-оқушы Рахат Амина

7-оқушы Сайламхан Алихан
 8-оқушы Сайлау Рахим
 2.Келесі кезекте сайыскерлеріміз өздерін таныстыруға сөз берейік.
 4. Ойын ережелерімен таныстыру.
 Сайыскерлер берілген сұрақтардың дұрыс жауаптарының нөмірін көрсету керек. Егер ойыншылардың барлығы бірдей дұрыс жауап берсе – барлық ойыншаға бір-бірден жұлдызша беріледі. Егер ойыншылардың бірі дұрыс жауап бермей қателессе, оған жұлдызша берілмейді.
 
 ІІ – Негізгі бөлім
 2- сайыс: «Ой сергіту сайысы» Жұмбақ шешу.
 Математикалық атаулар мен ұғымдар,
 Есте болар, оқушылар, бәріңнің де.
 Енді бір сәт солар жайлы жұмбақ шешсек
 Артық болмас, бастайық, кезек бізде.
 
 1-жұмбақ
 Өмірің сенің қызық,
 Жолында жоқ түзу сызық,
 Басы да жоқ аяғы.
 Бір айналым баяғы. (дөңгелек)
 2-жұмбақ
 Дүкеннен мен сабын алдым,
 Оның және қабын алдым,
 Он екі дәптер, он бір қарындаш,
 Тіс ысқышты тағы да алдым.
 Есептеші сонда бәрі
 Қанша болды, қолда бәрі? (26)
 3-жұмбақ
 Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
 Ұзындығы жазылып тұр бойында. ( сызғыш )
 
 3-сайыс: «Логикалық тізбектер»
 Өсу ретімен орналастыр:
 
 1 2 3 4
 16 53 209 81
 
 
 Кему ретімен орналастыр:
 
 
 1 2 3 4
 310 301
 313 103
 
 4- сайыс: Викториналық сұрақтар:
 
 1. Үстелдің төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? ( 5 )
 2. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)
 3. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.
 Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )
 4. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? ( 4 сағат)
 5. Отбасында 3 ағайынды бала бар. Әр бала бір-бірінен 3 жасқа кіші. Ал барлығының жастарының қосындысы 15 жыл. Әрқайсысының жасы қаншада? (үлкені 8 жаста, ортаңшысы 5 жаста, кішісі 2 жаста)
 6. Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы
 бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар?
 ( 2ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы- 6адам)
 7. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80
 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)
 8. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)
 
 5-сайыс: Финал сайыс  «Жалғасын тап»»
 (Бұл сайысқа ең көп жұлдызша жинаған төрт сайыскер өтеді)
 Мақалдың жалғасын табу:
 1.Күлме досқа, келер басқа.
 2.100 теңгең болғанша, 100 досың болсын.
 3.Ана сүті – бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді.
 4.Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы.
 5.Әдепті бала – арлы бала, әдесіз бала сорлы бала.
 6.Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергенін.
 Финал

 «ТАҢҒАЖАЙЫП» сөзінің әріптерінен сөздер құрастыру.
 Ең көп сөз құрастырған сайыскер жеңімпаз атанады.
 Қорытынды бөлім.
 Санаңды сенің толтырар,
 Математика пәні бар.
 Сабағынды егер оқысаң,
 Өмірде саған жол болар.
 Мұғалім: Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.
 Ал, қазір әділқазылар сөз алады.
 Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтап,
 Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.



Ақпарат

    Көкдала орталау мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі Қантбаева Айнур Бекзатқызы 2024 жылдың сәуір айының 2-ші жұлдызында 1-сынып оқушылары мен «Жұлдызды Сәт»  тақырыбында  іс шара өтті. 

Мақсаты:
 1.Оқушылардың білімдерін пысықтау, қайталау. Жұптасып жұмыс істеу дағдыларын арттыру. 
 2. Оқушыларды шапшандыққа, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу 
 Ата-аналармен тығыз байланыс орнату. 
 3. Ойлау қабілетін, ой өрістерін дамыту. 

Сайысты бастамас бұрын оқушылардың потиотық сезімін ояту үшін ән ұранымыз шырқалды. Сайыс  6 кезеңнен өтті. 1-ші кезеңде оқушылар өздерін таныстыра өтті. 2-ші сайыста оқушылар жұмбақты жарыса шешуін таба білді. 3-ші сайыста Логикалық есептер шығарды,  балалар қызыға жарысып логикалық есептер шығарды. 4-ші кезең Викториналық  сұрақтарға жауап берді. Соңғы 5-ші кезеңде Финал сайыс өтті. «Жалғасын тап» сайысында соңғы шешуші кезең болғандықтан оқушылар бір-бірімен жарыса көңілді қатысты. Соңғы оқушыларды марапаттау кезеңінде жеңіске жеткен оқушыны марапаттап сыйлықтар берілді.

 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив