Ақпарат » Страница 11 » Көкдала орталау мектебі
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Көкдала орталау мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Қауіпсіз интернет " акциясы
02
апрель
2023
"Қауіпсіз интернет " акциясы
Мектебімізде тәрбие жоспарына сай ақпан айының 6-10 аралығында "Қауіпсіз интернет " акциясы өтуде. Акция жоспарына сай бүгін педагог-психолог ата-аналармен "Ғаламтордағы мінез-құлық" тақырыбында әңгіме жүргізіп, баланың ғаламторға тәуелділігінің алдын алу бойынша кеңестер берді.
Тәрбие - негізі сүйіспеншілікте!
02
апрель
2023
Тәрбие - негізі сүйіспеншілікте!
Тәрбие - негізі сүйіспеншілікте! Аталған тақырыпта мектебімізде 7 ақпан күні тәрбие ісі меңгерушісі Р.Сейдахметова мен педагог-психолог ата-аналармен кездесу ұйымдастырды. Іс-шара барысында қазіргі балалармен қарым-қатынастың ерекшелігі, мектеп пен ата-ананың серіктестік жұмысының негізінде жететін жетістіктер туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар психолог тарапынан тәрбиенің стилі туралы тренинг жүргізіліп, ата-аналарға өзіндік талдау жасауға арналған жаттығулар жүргізілді.
Оқушылардың өзіне деген сенімін арттыру, қысым,қобалжуды жеңуді үйрету
02
апрель
2023
Оқушылардың өзіне деген сенімін арттыру, қысым,қобалжуды жеңуді үйрету
Оқушылардың өзіне деген сенімін арттыру, қысым,қобалжуды жеңуді үйрету мақсатында педагог-психолог тарапынан тренинг ұйымдастырылды. Ойын барысында мидың екі жартышарын дамыту жаттығулары жүргізілді.
Балаларда аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу
02
апрель
2023
Балаларда аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу
Қаңтар айының жұмыс жоспарына сәйкес, балаларда аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында сынып жетекшілерге арналған әдістемелік ұсыныстар (жадынама) таратылды. Жадынаманың мақсаты-жалпы аутодеструктивті мінез-құлық туралы түсінік беру, себептері, сонымен қатар, балаларда өзіндік қадірлеу мен жеке адамгершілігін дамытуға қалай жәрдемдесу, балалардың өмір сүруді өмірден үйрену.
Педагогтардың кәсіби құзіреттілігін дамыту
02
апрель
2023
Педагогтардың кәсіби құзіреттілігін дамыту
Педагогтардың кәсіби құзіреттілігін дамыту, өзара тәжірибе алаңын құру, ұжымда жағымды психологиялық қарым-қатынас орнату және эмоцияналды шаршауының алдын алу мақсатында мектебімізде тәрбие орынбасары,педагог-психолог,әлеуметтік педагог, педагог-ұйымдастырушы және сынып жетекшісінің бірлескен шебер сыныбы өтілді. Іс-шара барысында педагогтармен оқушылармен,ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың тиімді әдістері көрсетіліп, тренинг- жаттығулар жүргізілді. Сонымен қатар педагогтармен кері байланыс
"Қыз бала абыройы-өткен өмір ағымы ма, әлде салауатты болашақ па?"
06
март
2023
"Қыз бала абыройы-өткен өмір ағымы ма, әлде салауатты болашақ па?"
"Көкдала орталау мектебі" қыздар арасында "Қыз бала абыройы-өткен өмір ағымы ма, әлде салауатты болашақ па?" атты тақырыпта кездесу өткізілді. Мақсаты-әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындыру. Әдептілікке, сыпайлыққа, инабаттылыққа, мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа тәрбиелеу. Иманды да инабатты қазақ қыздарының бейнесін қалыптастыру.
"Репродуктивті денсаулық"
06
март
2023
"Репродуктивті денсаулық"
"Көкдала орталау мектебінің" 7 сынып оқушыларымен "Репродуктивті денсаулық" атты тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты-жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру. Жалпы репродуктивті денсаулық дегеніміз-бұл тек ауру жағдайының жоқтығы емес немесе жыныс жүйесінің, оның қызметі мен процестерінің бұзылуында ғана емес, толық дені сау, яғни денесі шыныққан, ойлау қабілеті дамыған, әлеуметтік дұрыс жағдайда өзіне ұқсас ұрпақ жалғастыра алу
«Терроризм және оның зардаптары»
06
март
2023
«Терроризм және оның зардаптары»
Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру мақсатында Көкдала орталау мектебінде 2023 жылдың 23-ші қаңтар күні «Терроризм және оның зардаптары» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттары барысында мектеп аумағында сезікті зат табылған жағдайдағы оқушыныңіс әрекеті, Терроризм туралы қорқытулар телефон арқылы келіп түскен жағдайдағы оқушының іс әректі жайында ақпарат берілді.
"Головоломки и ребусы.Что нам дарит природа?"
06
март
2023
"Головоломки и ребусы.Что нам дарит природа?"
Көкдала орталау мектебі 1 "Б" сыныбында математика пәнінен ашық сабақ өтті . Тақырыбы: "Головоломки и ребусы.Что нам дарит природа?" Сынып жетекшісі Ким Людмила Николаевна
"Қош бол, сүйікті әліппе!"
06
март
2023
"Қош бол, сүйікті әліппе!"
"Қош бол, сүйікті әліппе!" Көкдала орталау мектебінде 1 "А" және 1 "Б" сынып оқушылары әліппемен қоштасты. Оқушылар келген қонақтарға өлең - тақпақтарын айтты, мың бұралаң би билеп, ән айтты. Салтанатты шараның соңында әр оқушыға арнайы диплом табысталды.