«Алтын жұмыртқа» тақырыбындағы ойын ақпараты
«Алтын жұмыртқа» тақырыбындағы ойын ақпараты
Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Алпиева Айжан Нурлановна Көкдала орталау мектебінде мамыр айының 15-і күні Аудандық Мектепке дейінгі мекемелер арасында өткен «Балабақша – Бастауыш мектеп негізі» тақырыбында семинар өтті. Оған Көкдала орталау мектебінің МАД сыныбының тәрбиешісі Алпиева Айжан Нурлановна «Алтын жұмыртқа» тақырыбында ойын ұйымдастырылған іс – әрекетін өткізді.
Мақсаты: Үй құстарының тіршіліктері туралы түсініктерін кеңейту. Үй құстарының пайдасы туралы мағлұмат беру. Құстарға деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу. Балалармен сұрақ жауап арқылы балалардың сөйлеуін. тілдерінің дұрыс жетілуіне ықпал ету .
Міндеті: Балалардың ойлау қабілетін арттыру , қызығушылығын дамыту
Миға шабуыл» кезеңінен басталған ойын өте қызықты болды. «Мергендер»
кезеңінде балалар қимылды ойын ойнады.
Ойын шарты: Балалар тақтада ілінген шарты жарады. Әр шардың ішінде Тапсырма жасырылған (Сұрақ – жауап, сурет арқылы).
«Дұрыс – бұрыс» Тапсырмадығы сұраққа жауап береді. Жауаптың дұрыс немесе бұрыстығын Сиқыршы тауақ арқылы анықтайды. (Тәрбиешінің көмегімен)
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Балалар үй құстары туралы: немен қоректенеді, адамдарға деген пайдасын, үй құстарының түрлерін, олардың дыбысталуын білу керек.
Болу керек: Балалар үй құстарына жем шашып, ыдысқа су құйып, ұя салып маңайын тазартып балапандарына қамқор болу керек.
Істей білу керек: Балалар тәрбиешінің берген тапсырмаларын өз беттерінше істей білуі керек. Үй құстарына деген қамқорлықтарын күнделікті өмірде пайдалана, істей білуі керек.
Ойын соңында балаларды тәтті силықтармен марапаттады.
«Алтын жұмыртқа» тақырыбындағы ойын.
Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Алпиева Айжан Нурлановна
Мақсаты: Үй құстарының тіршіліктері туралы түсініктерін кеңейту. Үй құстарының пайдасы туралы мағлұмат беру. Құстарға деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу. Балалармен сұрақ жауап арқылы балалардың сөйлеуін , тілдерінің дұрыс жетілуіне ықпал ету .
Міндеті: Балалардың ойлау қабілетін арттыру , қызығушылығын дамыту
Пән аралық байланыс: Математика, дене шынықтыру, қоршаған ортамен танысу
Ойын барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Қайырлы күн әріптестер, балалар. Бүгінгі қызықты ойын іс – әрекетімізді бастайық.
Балалар біз бәріміз бір үйдің балаларындай тату - тәтті доспыз . Қане бір - бірімізге деген достығымызды нығайту үшін жақсы тілектер айтайықшы .
Күніміз жарық болсын !
Аспанымыз ашық болсын !
Деніміз сау болсын !
Еліміз тыныш болсын !
Балабақшамыз жайнап тұрсын!
Нанымыз көп болсын !
Жарайсыңдар балалар
ІІ. Негізгі бөлім.
Тәрбиеші: Ал балалар еске түсірейікші құстар қаншаға бөлінеді?
Балалар: Үй құстары мен жабайы құстар.
Тәрбиеші: Дұрыс балалар. Балалар үй құстарының түрлерін атап кетсем: Әтеш, тауық балапан, қаз, үйрек ( суреттерін тақтаға іле отырып атау).
Біз бүгін үй құстары соның ішінде Тауықтар туралы айтатын боламыз.
Сұрақтар: «Миға шабуыл»
Мынау әтеш, оның басында айдары бар. Әтештің түсі қандай?
— Түсі қызыл.
— Әтештің екі көзі, екі қанаты, екі аяғы болады және құйрығы бар екен. Әтеш қалай дыбыс шығарады?
— Ку-ка-ре-ку.
— Ал, мынау тауық, бұл да үй құсына жатады. Олар жем жеп, су ішеді.
— Түсі ақ, қара, шұбар болады
— Олар қалай дыбыстайды?
— Қыт-қыт-қыт.
- Тауық бізге не береді?
—Ет
- Жұмыртқа
- Мамық
Тәрбиеші: Дұрыс балалар. Енді біз ойынымызды бастайық
І кезең «Мергендер»
Ойын шарты: Балалар тақтада ілінген шарты жарады. Әр шардың ішінде Тапсырма жасырылған (Сұрақ – жауап, сурет арқылы).
ІІ кезең «Дұрыс – бұрыс»
Тапсырмадығы сұраққа жауап береді. Жауаптың дұрыс немесе бұрыстығын Сиқыршы тауақ арқылы анықтайды. (Тәрбиешінің көмегімен)
Қажетті құралдар: Тауық макеті, бидай дәнегі, алтын жұмыртқалар мен шарлар.
III. Қортындылау
Рефлекcия.
Тәрбиеші: -Балалар, сонымен сендер қандай үй құстарын білесіңдер?
Балалар: — Қаз, тауық, үйрек.
Тәрбиеші: — Неліктен бұл құстарды «Үй құстары» дейміз?
Балалар: — Үйде мекендегендіктен үй құстары дейміз.
Тәрбиеші: — Үй құстарының адамға қандай пайдасы бар?
Балалар: — Үй құстарының еті, сорпасы, жұмыртқасы адам ағзасына өте пайдалы.
Тәрбиеші: — Өте жақсы, дұрыс айтасыңдар!
Бүгінгі оқу қызметіне барлығымыз өте жақсы қатыстық.
Мадақтау (жұлдызшалар тарату)
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Балалар үй құстары туралы: немен қоректенеді, адамдарға деген пайдасын, үй құстарының түрлерін, олардың дыбысталуын білу керек.
Болу керек: Балалар үй құстарына жем шашып, ыдысқа су құйып, ұя салып маңайын тазартып балапандарына қамқор болу керек.
Істей білу керек: Балалар тәрбиешінің берген тапсырмаларын өз беттерінше істей білуі керек. Үй құстарына деген қамқорлықтарын күнделікті өмірде пайдалана, істей білуі керек.